Білім • 11 Мамыр, 2020

Пән мұғалімі 2-ақ құжат тапсыруы тиіс – министр

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Ведомство бекіткен 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрықта орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының мұғалімдері толтыруға міндетті құжаттардың нақты тізімі көрсетілген. Соның ішінде пән мұғалімдерінің де қандай есепті тапсыруға міндетті екені белгіленді. 

Пән мұғалімі 2-ақ құжат тапсыруы тиіс – министр

Бұл құжаттың  маңызы сол бұдан былай мұғалімдерді шамадан тыс есеп беруден заң жүзінде қорғайды. «Педагог мәртебесі туралы» Заңға және Әкімшілік кодекске сәйкес, мұғалімдерден бекітілген тізімнен өзге құжаттар бойынша артық есепті талап еткендерді арнайы орган айыппұл түріндегі әкімшілік жауапқа тартуға болады.

«Құжаттағы тізімге орай енді пән мұғалімі күнделікті екі құжатты – сынып журналы мен сабақ жоспарын толтырады. Ал оқу жылының басында күнтізбелік-тақырыптық жоспарды дайындап, әр тоқсан соңында критериалдық бағалау бойынша құжаттарды толтырады. Осы екеуінен өзге есеп талап етілмейді», деді министр.