Қазақстан • 12 Мамыр, 2020

Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады

145 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Министрлік 23 наурыздан бастап ел тұрғындарын рухани, мәдени және моральдық тұрғыдан байыту, әртүрлі жастағы азаматтардың спорттық белсенділігін қолдау мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып келеді. Бұл қатарда дәріс, вебинар, концерт, виртуалды экскурсия, балаларға арналған ертегілер, белгілі атлеттермен өткізілетін жаттығулар, қашықтан және онлайн режимдегі спектакльдер мен фильмдер бар.

Мəдениет жəне спорт министрлігі онлайн жұмысын жаңа форматта жалғастырады

11 мамырда Мемлекет басшысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның қорытынды отырысында Төтенше жағдай режимі аяқталғанымен, індет бəсеңсімей тұрған кей өңірлерде сақтық шаралары жалғасатынын айтқан еді. Осыған байланысты Министрлік онлайндағы жұмысын жаңа форматта жалғастырады.

Бүгіннен бастап ел тұрғындарына күн сайын 5 мəдени-спорттық іс-шара онлайнда қолжетімді болады.

08:00-де #BizBirgemiz #АлғаҚазақстан хэштегімен танымал спортшы, бапкерлердің қатысуымен таңғы жаттығу өтеді. Елге есімі таныс атлеттер жалпы халыққа салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттап, осы бағытта елеулі үлес қосып келеді.

12:00 мен 20:30-да «Ертегілер əлемінде» бағдарламасы Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан эфиріне шығады. Еліміздің үздік театр актерлері балалармен қиял-ғажайып əлеміне саяхатын жалғастарады.

14:00-де #óneronline #оnlinedabol хэштегімен мəдениет, өнер тақырыбында онлайн-дəрістер өтеді. Бұл шеберлік-дәрісін Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасынан тамашалай аласыздар.

18:00-де қазақстанның маңдай алды балет ұжымдары озық қойылымдарын Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасында тарту етеді.

20:00-де Танымал əншілеріміздің Мəдениет жəне спорт министрлігінің алтын қорындағы концерті мен опера майталмандарының өнеріне Мәдениет және спорт министрлігінің You Tube арнасы мен bizbirgemiz_culture инстаграм парақшасынан куə бола аласыздар.