Қоғам • 14 Мамыр, 2020

Еңбек нарығында қандай мамандар көп сұранысқа ие?

1774 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Еңбек ресурстарын дамыту орталығында атап өткендей, жалпы Қазақстан бойынша ең көп сұранысқа үш мамандық ие — мейіргерлер, күзетшілер мен жүргізушілер. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Еңбек нарығында қандай мамандар көп сұранысқа ие?

Осы мамандықтар аса тапшы, себебі жұмыс берушілердің сұранысы жұмыс іздеушілердің санынан біршама артық. Мәселен, бүгінде Электронды еңбек биржасының базасында 2,3 мың мейіргердің түйіндемесі мен 2,6 мың жүргізушінің түйіндемесі бар. Түйіндеме саны бойынша үшінші орында — заңгерлер. Бірақ жұмыс берушілердің арасында бұл мамандыққа сұраныс аз. 

Түйіндемелер саны бос жұмыс орындарының санынан асатын тағы екі мамандық — іс жүргізушілер мен дене шынықтыру және спорт мұғалімі. 

Бар бос жұмыс орындарының саны бойынша көш басында Қостанай облысы (17,7 мың), Нұр-Сұлтан (15,8 мың), Қарағанды облысы (10,9 мың). Бос жұмыс орындарының саны ең аз өңірлер Маңғыстау облысы (3,1мың), Қызылорда облысы (3,6 мың), Солтүстік Қазақстан облысы (3,6 мың). Бұл ретте осы облыстарда жұмыс іздеп жүрген адамдар саны ең көп. Мәселен, Түркістан облысында — 8,9 мың, Маңғыстау облысында — 6,9 мың және Қызылорда облысында — 6,5 мың түйіндеме тапсырылған. Орта есеппен, Маңғыстау облысында 100 бос жұмыс орнына 219 түйіндемеден, Қызылорда облысында — 182 түйіндемеден, Түркістан облысында — 112 түйіндеме, Алматы облысында — 105 түйіндемеден келеді. Ал Қостанай облысында жағдай керісінше — 100 бос жұмыс орнына 16 түйіндемеден келеді, Нұр-Сұлтан қаласында — 26 түйіндеме, Алматы қаласында — 27 түйіндеме.