Қоғам • 15 Мамыр, 2020

Бұл – нағыз парасатты шешім

512 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төраға­лы­ғымен өткен Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комис­сияның қорытынды мәжілісі елді елеңдеткен сауалдарға салауатты жауап беріп, көңілдегі көп күдікті сейілтті.

Бұл – нағыз парасатты шешім

БАҚ арқылы тараған: «Тө­­тенше жағдай режімін қам­­тамасыз ету жөніндегі мем­­лекеттік комиссия ау­қым­ды жұмыс атқарды. Ха­лық­­тың денсаулығын қорғау, олар­дың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабыл­да­нып, жүзеге асырылды. Енді төтенше жағдай режі­мін қамтамасыз ету жөнін­дегі комиссия Эконо­ми­калық өсімді қалпына кел­тіру жөніндегі мемлекеттік ко­миссия болып қайта құры­лады. Бүгін бүкіл еліміздегі төтенше жағдай режімі аяқталды. Алайда кейбір аймақтарда дерттің таралуы бәсеңдемей отыр.Соған қарамастан көптеген саланың қызметі қалпына келе бастады. Қазірдің өзінде 1 миллион 100 мыңнан астам азамат жұмысқа шықты. Енді еліміз бойынша дү­кен­дер­дің біразы ашылады, сән салондарының, бі­лім ор­та­лық­тарының, тағы бас­қа ны­сан­дардың қызметі қай­та жандана бастайды. Саябақ­тар ашылады. Жо­лаушыларға арналған әуе та­сымалының жұмысы қал­пына келеді. Бұған дейін 6 қаланың әуежайы ашылған бо­латын. Енді оған тағы 7 қа­ла қосылады» деген сөз­дер алпыс күн бойы төрт қа­бырғаға қамалған  халық­тың кө­ңіліндегі тұман мен кү­мәнды серпіп тастады. Тө­тенше жағдай режімін қам­тамасыз ету жөніндегі ко­мис­сияның енді экономикалық өсімді қалпына келтіру жө­нін­дегі комиссия болып қайта құрылуы – көптің көңі­лінен шыққан өте тапқыр, аса ақылды, парасатты шешім.

Төтенше жағдайлар жө­нін­дегі мемлекеттік комис­сияның қорытынды мәжі­лісінде: «Әйтсе де көптеген шектеу алынып тас­тал­ғанына қарамастан, күн­де­лікті өмірде сақтық шараларын қатаң ұстану маңызды болып қала бермек. Атап айт­қанда, шағын, орта, ірі компаниялар жаңа ережелерге сәй­кес жұмыс істеуі керек. Әлеу­меттік арақашықтықты сақтау, көпшілік жиналған жерде бетперде тағып жүру қалыпты жағдайға айналуға тиіс. Облыстар арасындағы көлік қатынасына қатысты шектеулер қала береді. Қо­ғам­дық көліктер жартылай жүк­­темемен жұмыс істей­ді. Жолаушылардан бет­пер­де тағу талап етіледі. Көше­де топтасып жүре­тін­дер 3 адамнан аспауы керек. Мем­лекеттік қызмет­ші­лердің 50 па­йызы қашықтан жұмыс істей береді. Жеке кәсіп­орын басшылары қанша қыз­­мет­керді жұмысқа шыға­ра­ты­нын өздері анықтауға тиіс», деп қадап айтылды. Бұл да ха­лықтың ойын дөп бас­қан өте орынды, парасатты ше­шім.

Тағы бір жан сүйсінткен жақсы хабар – Мемлекет басшысы «5-10-20» жаңа тұрғын үй жобасы қабылданатынын жеткізді. Бұл басты уайымы баспана болған талайлардың арманы орындалып, бағы жанады деген сөз!

Барлық қажетті шараларды дер кезінде шұғыл жасап, аса қатерлі дерттің алдын алған Президент бұл жолы да өзіне тән салиқалылықпен көптің көңілінен шыққан парасатты шешім қабылдады.

 

Сәбит ДОСАНОВ,

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты

 

Алматы