Қазақстан • 15 Мамыр, 2020

Пандемия Қазақстан қаларындағы экологиялық жағдайға қаншалықты әсер етті?

267 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов айтып берді.

Пандемия Қазақстан қаларындағы экологиялық жағдайға қаншалықты әсер етті?

Вице-министр пандемия Қазақстан қаларындағы экологиялық жағдайға қаншалықты әсер еткенін айтты.

«Соңғы екі айдағы экология жағдайы Қазақстанда ғана емес барлық елде өзекті болды. 20 наурыздан бері Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында күнделікті атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізілді. Алматы қаласы бойынша қаланың төменгі бөлігінде ауа концентрациясы жоғарылаған. Бұл ластану деңгейі ТЭЦ, ТЭЦ-2,ТЭЦ-3 жұмыстарына байланысты. Қаланың жоғарғы бөлігінде газ, оның ішінде азот оксиді, азот диоксиді төмендегені байқалды» деді ол.

Сондай-ақ ол ең озық қолжетімді технологияларды енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылғанын мәлімдеді.

«Қазақстанда ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізетін кәсіпорындар экологиялық төлемдерден босатылады. Жаңа Экологиялық кодекс ең жақсы қол жетімді технологияға (ЕҚТ) көшуді қарастырып отыр. Осы норманы әзірлеу және енгізу кезінде біз өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін үлкен шығындар талап ететінін білдік. Алайда біз онсыз мүмкін емес екенін жақсы түсінеміз. Теміртау, Балқаш, Өскемен, Қарағанды ​​және тағы сол сияқты қалаларда қоршаған ортаның сапасы мәселесін шешудің жалғыз мүмкіндігі осы» деді вице-министр.