«Елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, халқымыз қалыпты өмір тіршілігіне ауыса бастады. Алайда карантин режимінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет.
Осы ретте, келесідей талаптарды орындауға шақырамын:
- мешітке келуші барша жамағатты медициналық маска және қолғап киіп келуге;
- антисептик құрылғысын жиі қолдануға;
- жеке құлшылық жасау кезінде бір жарым метр арақашықтықты сақтауға;
- Құран оқитын бөлмеге бір жарым метр арақашықтықты сақтай отырып, 10 адамнан артық кірмеуге;
- неке қидыратын бөлмеге 4 адамнан артық кірмеуге
Мешіт имамдарының кеңесіне құлақ асып, мешітке лек-легімен кезекпен кіруге, мешітте 15 минуттан артық болмауға үндеймін. Бұл мешіт ауасын әр 3 сағат сайын таза ауамен алмастырып отыруға мүмкіндік береді.
Осы ретте биыл Қадір түні мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келіп отыр, бұл түнді үйде қарсы алу қажеттігін баса айтқым келеді. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталғанымен, жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ» деді ол.