РФ-тің 85 өңірінде коронавирусты жұқтырған тағы 9 709 адам тіркелді. Бұл елде барлығы COVID-19 вирусын жұқтырған 281 752 адам анықталған. Жалпы 67 373 адам жазылып шыққан. 2 631 адам аталған қауіпті вирустан көз жұмған.
Испанияда 2 айда коронавирус инфекциясынан ең аз өлім-жітім тіркелді — 87 адам.
Әлем бойынша коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандардың саны 4 млн 700 мыңнан асады.
312 мың 317 науқас осы індеттің құрбаны болды. Ал 1 млн 800 мыңнан астамы дертінен құлан таза айығып шықты. Науқастардың саны бойынша алғашқы ондықта АҚШ, Испания, Ресей, Ұлыбритания, Бразиялия, Италия, Франция, Германия, Түркия мен Иран тұр.
Десе де соңғы кездері әлемде тіркелген жаңа науқастардың саны азаюда.
Австрияға коронавирусты жұқтырмағаны туралы сертификатты ұсынбай-ақ немесе үй карантинінде отырмай-ақ кіруге болады.
Сонымен қатар Венгриямен шекарада заңсыз көші-қонмен күреске байланысты бақылау сақталады.
Беларусьте тағы 969 адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды.
COVID-19-ды жұқтырғандардың жалпы саны 29 650 адамды құрап отыр. Жалпы 9 932 науқас жазылып шыққан. Бұған қоса, коронавирустан тағы 5 адам көз жұмған. Ал жалпы бұл қауіпті індеттен 165 адам қайтыс болған.
Дағыстанда 657 адам «ауруханадан тыс» пневмониядан көз жұмды, бұл аурумен 12,5 мыңнан астам адам сырқаттанған.
Дағыстанның денсаулық сақтау министрі бұл елде коронавирус пен пневмониядан 40-тан астам дәрігердің қайтыс болғанын хабарлады.
Сонымен қатар оперативтік штаб мәліметтері бойынша, Дағыстанда коронавирусты 3 мыңнан астам адам жұқтырған, ал одан көз жұмғандар саны — 29.