Қазақстан • 18 Мамыр, 2020

Қазақстан АДБ-мен əріптестік туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

220 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы 14 мамырда Мемлекет басшысы «Әріптестік туралы негіздемелік келісімді (2014 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азия Даму Банкі арасындағы Қазақстан Республикасын экономикалық әртараптандыру және оның орнықты дамуына, жалпы өсуіне жәрдемдесу мақсатында ынтымақтастықты күшейту жөніндегі әріптестік туралы негіздемелік келісімге түзетулер мен толықтырулар) ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан АДБ-мен əріптестік туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

Ратификацияланған АДБ Келісімге 2019 жылғы 27 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойылды. Осы халықаралық келісім мемлекеттік кепілдікпен қарыз алу кезінде Банктіңережелері мен талаптарын сақтау бойынша нормаларды белгілейді, сонымен бірге жеке сектордағы АДБ-мен ынтымақтастықты және бірлескен жобаларды қаржыландыру құралдарын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Келісімге сәйкес ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары макроэкономикалық орнықтылықты арттыру, инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерді жаңғырту, ауыл шаруашылығы секторын дамытуға жәрдемдесу, шағын және орта бизнесті қаржыландыруға қолжетімділікті жақсарту, инфрақұрылымға және денсаулық сақтау мен білім беру сияқты әлеуметтік секторларға инвестицияларды ұлғайту болып табылады.

Азия Даму Банкінің қызметі жұмыс орындарын құру, инновацияларды ынталандыру, әлеуетті ұлғайту, білім мен үздік халықаралық практикаларды енгізу негізінде кең ауқымды қолдау көрсету арқылы экономикалық дамуға өз үлесін қосып отыр.