Руханият • 19 Мамыр, 2020

Ұлы дала жауһарлары

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Халықаралық музейлер күні» кәсіби мерекесіне орай елордада «Музей түні» дәстүрлі акциясы онлайн форматта өтті. Әлем музейлерінің арасында кең таралған халықаралық білім беру жобасы биыл да қызықты, та­ным­дық мәдени-білім бағ­дар­ламаларын ел назарына ұсынды.

Ұлы дала жауһарлары

Жобаның негізгі мақсаты – өткеннің тарихи-мәдени мұрасын сақтау және көпшілікке тарату мәселелерін өзектендіру, музей­дің әлеуетін таныту және келу­шілерді, әсіресе жастар үшін өзіндік даму мен өзін өзі көр­с­етудің жаңа мәдени-зияткер­лік мүмкіндіктерін арттыруды көздей­ді. Дәстүрге айналған тағы­лым­ды шара музейдің маңызд­ы­лығын арттыруға, тарихи және отбасылық құндылықтарды танымал етуге, өскелең ұрпаққа патриоттық, адамгершілік тәрбие беруге бағытталған. Іс-шара ең алдымен, жастардың жаңашыл идеялары мен бастамаларын қолдауға бағытталған.

– Баршаңызды бүгінгі Халық­аралық музейлер күні мере­кесімен шын жүректен құттық­таймын. Айтулы мереке жыл сайын біздің елімізде ғана емес, дүние жүзі бойынша барлық музейлерде кең көлемде атап өтіледі. Биылғы «Музей түні» мерекесі онлайн форматқа ауысып отыр. Халықаралық музей күні мерекесі 1977 жылы Халық­ара­лық музейлер кеңесінің Бас кон­ференциясында бекітілген. «Музейлер түні» акциясы Ұлт­тық музейде жыл сайын дәст­үр­­лі түрде ұйымдастырылып келе­ді. Алғаш рет 2015 жылы ұйым­дастырылып, көпшілік тарапы­нан үлкен қолдау тапты. Бұл шара тек Халықаралық музейлер күні мерекесінде емес, Ұлттық музей бастамасы­мен «Наурыз» мерекесіне орай «Наурыз – жаң­ғыру нышаны» деген тақырып­пен де ұйымдастырылып жүр,  деді Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы.