Аймақтар • 19 Мамыр, 2020

Шымкентте автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті 

102 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2ГИС компаниясының мәліметтері бойынша, тіркелген 30 автомектептің 12-сі ғана карантин кезеңінде онлайн режимінде жұмыс істеуді жалғастырды.

Шымкентте автомектептердің 40 пайызы онлайн форматқа көшті 
Шымкентте карантин 25 мамырға дейін ұзартылды, сондықтан қала тұрғындарының әлі де онлайн оқуды бастауға мүмкіндігі бар - ыңғайлы әрі үй жағдайында.

Онлайн-форматқа қандай ұйымдар көшкенін 2ГИС-тен көруге болады. Ол үшін сізге іздеу жолына «Автомектеп» сөзін енгізіп, тізімді берген кезде жоғарғы оң жақ бұрышындағы «Онлайн» батырмасын басу арқылы фильтрді пайдалану қажет.