Әлем • 25 Мамыр, 2020

Ресейде бір тәулікте 8599 адам індет жұқтырды

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің ежелгі көршіміз Ресей елінде бір күнде 8599 адам індет жұқтырып, жалпы дертке тап болғандар саны 344481 жеткені жайлы аталған мемлекеттің коронавируспен күрес штабы мәлімдеді.

Ресейде бір тәулікте 8599 адам індет жұқтырды

Атап айтқанда, Мәскеу облысында жаңадан 862, Санкт-Петербургте 384, төменгі Новгород облысында 152, Ростов өңірінде 152, Красноярск өлкесінде 146, Ярославда 107, Калугада 123, Самар облысында 121, Иркутск облысында 120, Дагестанда 113, Брянскде 111, Ханты-Мансиде 102 жағдай тіркелген.

Жаңадан тіркелгендердің 3777-інде, яғни 43,9 пайызында бұған дейін ешқандай дерт белгісі байқалмаған.