Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Қызылорда: Вирус жұқтырған науқастың жағдайы өте ауыр

241 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникация қызметінде өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов хабарлады.

Қызылорда: Вирус жұқтырған науқастың жағдайы өте ауыр

Дәл қазір облыста вирусқа шалдыққандар саны 296 адамға жетіп отыр.

Өткен тәулікте 6 адам анықталған. Олардың бәрі облыс орталығының тұрғындары. Төртеуі қарым-қатынас арқылы жұқтырса, ауруханада жатқан бір науқастан тест алынып, оның вирусқа шалдыққаны анықталған. Тағы бір тұрғын өзге аймақтан жұқтырып келіп отыр.

Осы күні 71 науқас ем алуда. Олардың бесеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Бір науқастың жағдайы өте ауыр, – деді облыстың бас дәрігері.