Аймақтар • 25 Мамыр, 2020

Маусым ашылмаса да Жайыққа шомылып жүргендер көп

307 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлі жаз мезгілі бастала қойған жоқ. Жайыққа шомылуға  ерте, оның үстіне өзен суы салқын.  Бірақ...Атыраулық жасөспірімдер бұған мән бермейтін секілді. Тіпті, ата-аналары балаларының қайда, не істеп жүргенінен бейхабар болып шықты. Бұл кеше полиция  қызметкерлері  Жайық өзеніне шомылып жүрген он жасөспірімді анықтаған кезде аңғарылды.

Маусым ашылмаса да Жайыққа шомылып жүргендер көп

– Полиция қызметкерлері түс кезінде Атырау қаласындағы Каспий ықшам ауданы  мен Тұрғындар қалашығы-Авангард шағынаудандары арасында салынған жаяу көпірдің тұсында серуендеп, Жайық өзеніне суға шомылып жүрген онға жуық жасөспірімді  анықтады. Балаларының өзен жағалап, қауіпті жайтты ескерместен, суға түсіп жүргенінен бейхабар ата-аналар қалалық полиция басқармасына шақыртылды. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 364-бабымен (Ортақ су пайдалану қағидаларын бұзу) хаттамалар толтырылды,- деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.