Білім • 25 Мамыр, 2020

Мен мектеп бітіргенде бірден грантқа түсе алмадым – министр

355 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019-2020 оқу жылының аяқталуымен құттықтаған видео жолдауында биылғы мектеп түлектеріне тестілеуге қатысты өз тәжірибесімен баяндап берді .

Мен мектеп бітіргенде бірден грантқа түсе алмадым – министр

«Биыл мектепті тәмамдап жатқан түлектерге арнайы тоқталғым келеді. Әркім өз болашағының жарқын болғанын қалайды. Тәуекелге бару арқылы ғана әр адам өзі армандаған мамандықтың иесі бола алады. Мүмкіндіктерді пайдалана білу керек. Алдан беттен қайтпау өте маңызды екенін өз өмірімнен білемін. Мәселен, мен мектеп бітіргенде бірден грантқа түсе алмадым. Одан ұялудың ешқандай қажеті жоқ. Мен бір жыл тағы дайындалып, тестіні қайта тапсырамын деп шешім қабылдадым. Жыл он екі ай табандылықпен дайындалып, келесі жылы армандаған грантқа қол жеткіздім. Жақында басым көпшілігіңіз ҰБТ тапсырасыздар. Бұл – жай ғана сынақ, оның үстіне өмірлеріңіздегі ең жеңіл емтиханның бірі. Айналаңыздағы адамдар қолыңыздан ештеңе келмейтінін айтса да, табандылық пен қажырлы еңбек нәтижеге қол жеткізетінін естен шығармаңыздар. Нәтиже қателікпен келеді, қателесуден қорықпаңыздар», деді министр.