Президент • 27 Мамыр, 2020

Еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті - Қасым-Жомарт Тоқаев

2104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн отырысында коронавирус індетінің жұмыс тәртібіне елеулі өзгеріс енгізгенін айтты.

Еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті - Қасым-Жомарт Тоқаев

«Құрметті ұлттық кеңес мүшелері, біз бүгін ерекше жағдайда кездесіп отырмыз. Коронавирус індеті жұмыс тәртібімізге елеулі өзгеріс енгізді. Қазіргі таңда еліміз пандемияның шарықтау шегінен өтті. Бірақ індетпен күрес әлі аяқталған жоқ. Бұл індет өте қауіпті батпандап кіреді, мысқалдап шығады. Коронавирус қазіргі әлемнің құндылықтарын айтарлықтай өзгертті. Денсаулық сақтау жүйесінің өзін-өзі қамтудың, ынтымақтасу мен жауапкершіліктің маңызы арта түсті. Соған сәйкес мемлекет қызметінде және қоғамдық өмірдің барлық саласында түбегейлі өзгерістер болмақ. Пандемия біздің еліміз үшін де үлкен сынақ болып отыр. Қазақстан халқы ешқашан қиындыққа мойыған емес. Бұл жолы да бірлігіміздің бекем екенін көрсеттік. Біз ырыс пен ынтымақтың арқасында кез-келген сынақты абыроймен еңсереміз деп сенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Мемлекет басшысының төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр.