Президент • 27 Мамыр, 2020

Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн - Президент

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн отырысында Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн екенін атап өтті.

Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн - Президент

«Тағы бір өте маңызды мәселе мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін барынша арттыруымыз қажет. Бұл мәселеде Еуропа елдерінің тәжірибесіне назар аудару қажет. Олар тіл үйрету барысында негізінен оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан Тіл комитетін 2021 жылдан бастап Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және оны үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ мұндай қадам қолданысқа енгізілетін оқу бағдарламаларының тиімділігін талдау және мониторинг жүргізу жүйесін жасауға септігін тигізеді», - деді Президент.