Қоғам • 24 Маусым, 2020

Ертең Біржан Нұрымбетов халық алдында есеп береді

638 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең сағат 10:00-де Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов халыққа есеп беру кездесуін өткізеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең Біржан Нұрымбетов халық алдында есеп береді

"Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындарының ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Президенттің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес Біржан Бидайбекұлы Нұрымбетов азаматтарды елімізде іске асырылып жатқан реформалар, әлеуметтік-экономикалық даму, Министрліктің стратегиялық жоспарының негізгі көрсеткіштеріне қол жеткізу және Министрліктің жетекшілік ететін салаларының дамуы жөніндегі міндеттер туралы хабардар етеді.

Есепті кездесудің тікелей трансляциясы Министрліктің және Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми аккаунттарында жүзеге асырылады.

Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды келесі байланыс арналарын пайдалана отырып жібере аласыз:

- "Ашық диалог" порталындағы Министрдің блогына https://dialog.egov.kz/arm/blogs.questioncontroller/list;

- Министрліктің ресми интернет-ресурсындағы онлайн-қабылдаудың "Сұрақ-Жауап" бөліміне: https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/virtual-reception/1?lang=kk ;

- Министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми аккаунттарына;

- [email protected] электрондық мекенжайына жіберіңіз немесе "Министрліктер үйі" ғимаратының 6-кіреберісінде орнатылған пошта жәшігіне  салыңыз.

Есеп беру кездесуіне қатысты сұрақтар мен ұсыныстар болған жағдайда мына телефондар арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172) 74-36-03, 8(7172) 74-28-55, 8(7172) 74-37-23

Бұл ретте Сіздің назарыңызды "Есепті кездесу үшін" деген белгіні жасау қажеттігіне аударамыз. Министр келіп түскен сұрақтарға тікелей эфирде жауап беретін болады.