Аймақтар • 28 Мамыр, 2020

Биыл ауыл тұрғындарының 87%-дан астамы ауыз сумен қамтылады

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықты сапалы ауыз сумен және су бұру қызметтерімен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жалғастыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биыл республикалық бюджеттен 111,5 млрд теңге қарастырылып отыр. Ол қаражатқа 316 жоба іске асырылады. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Биыл ауыл тұрғындарының 87%-дан астамы ауыз сумен қамтылады

Нәтижесінде қалаларда халықты ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 97,5% жеткізіледі. Бұл 10 миллионнан астам адам. Ал ауылдық жерлерде аталған көрсеткіш 87,7% жетіп, 6,84 млн адамды қамтиды.

Сондай-ақ қалаларда ағынды суларды тазартумен қамту 74,9% құрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бұл бағытта 404 жоба жүзеге асырылып, 4078 ауыл сумен қамтылды. Қазіргі уақытта ел бойынша ауыз суға қолжетімділік көрсеткіші - 92,6%.