Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Алматы: Фитнес-орталықтар мен қоғамдық моншалар қашан ашылады?

229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, яғни 1 маусымнан бастап, Алматыда фитнес-орталықтары, СПА, қоғамдық моншалар, сауналар және азық-түліктік емес базарлар қызметін қайта жалғастыратын болады.

Алматы: Фитнес-орталықтар мен қоғамдық моншалар қашан ашылады?

Фото авторы: Максим Золотухин

«Шектеу шараларын жеңілдету шеңберінде, 1 маусымнан бастап, фитнесс-орталықтары, СПА-салондары, қоғамдық моншалар және сауналар жұмыстарын қайта бастайды», - делінген шаһардың бас санитарының қаулысында.

Нысандардың қызметіне барлық эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталған жағдайда рұқсат етіледі.

Жұмысты бастар алдында, ұйымдар Алматы қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері қаулысының ережелерімен танысуы және нысандарды барлық қажетті талаптарға сәйкес дайындауы тиіс, ол  талаптар: жайларда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді, әлеуметтік қашықтықты сақтау және т.б.

Бұдан әрі, нысандар infokazakhstan.kz сайтына тіркелуі тиіс, онда олар өздерінің әзірлігін растайды және хабарламаға электронды-цифрлық қолтаңбасымен қол қою жолымен жазылған нормаларды сақтауға кепілдік береді.

Әрі қарай, олардың карантиндік шараларды орындау барысын мониторингтік топ рейдтік тексерулер жүргізу кезінде қадағалайтын болады.

Бұзушылықтар анықталған жағдайда, нысандарға, оларды толық жабуға дейінгі әкімшілік жауапкершілік жүктеу қаупі бар.

Жұмыс орындарына тікелей қажетті қызметкерлер санын кәсіпорын басшылары өздері белгілейтінін қосымша хабарлаймыз. Сұлулық және денсаулық индустриясының нысандары үшін жұмыс кестесі штат режімінде қалып отыр.

Жалпы алғанда, жұмысқа жалпы 7,2 мың адам санымен 900-ден астам нысан оралады деп күтілуде.

Бұдан басқа, бұрын хабарланғандай, 1 маусымнан бастап, шектеулер әзірлік бағалауынан өткен азық-түліктік емес базарлардан алынатын болады.