Аймақтар • 01 Маусым, 2020

Қызылорда облысы: Полицейлер мен еріктілер марапатталды

227 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы жетпіс сегіз тәулік бойы төтенше жағдай режімінің сақталуын қатаң қадағалады. Олар медицина қызметкерлерімен, Ұлттық ұлан сарбаздарымен және еріктілермен бірлесіп жемісті қызмет етті.  

Қызылорда облысы: Полицейлер мен еріктілер марапатталды

Індеттің таралуына тосқауыл қою мақсатында қойылған бекеттер Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бүгін  алынды.

Тосқауыл бекетінің басында облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтан қызметкерлерге алғыс білдірді.

Жетпіс сегіз тәулік  бойы карантин режимінің сақталуын қамтамасыз ету оңай емес.  Осы ауыр міндетті абыроймен атқарып шыққан медицина қызметкерлеріне, еріктілер мен полицейлерге Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан алғыс айтамын, – деді ол. 

Еріктілер полиция қызметкерлерімен қатар рейдтік шараларға қатысып, қауіпсіздік шаралары жөнінде тұрғындар арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.  Дәрігерлер адам өмірін құтқару үшін жанын  салып, қызмет етті.

Министрдің бұйрығымен 10 полиция қызметкері мен 7 ерікті марапатталды. Бекетте қызмет еткен бірқатар азаматтарға облыс әкімі мен қала басшысының Алғыс хаты табысталды.

Төтенше жағдай кезеңінде облыс аумағында 38 бекет жұмыс жасап, 1000-нан  астам полицей жұмылдырылған.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше