03 Қазан, 2013

Қазақстан дипломатиясы қарым-қатынас көкжиегін кеңейтуге талпына бастады

383 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өзінің Латын Америкасы елдеріне сапары аясында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сантьяго қаласына келіп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Өзінің Латын Америкасы елдеріне сапары аясында Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Сантьяго қаласына келіп, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлады осы ведомствоның баспасөз қызметі.

Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Шетел инвестициялары жө­ніндегі комитет жетекшісі Ма­тиас Моримен келіссөздерден бас­талды. Қазақстан сыртқы сая­сат ведомствосының басшысы М.Мориді Қазақстанның әлеу­мет­тік-экономикалық саладағы және еліміздің инвестициялық сая­сатындағы қол жеткізген же­тіс­тіктерімен таныстырды. Қа­зақ­стан тәуелсіздік жылдары ішінде болжанбалы және сенімді іскер әріптеске айналғанын атай отырып, еліміздің бас дипломаты әң­гі­мелесуші тарапты біздің Ота­ны­мызда өтетін ірі халықаралық шара – ЭКСПО-2017 көрмесіне орай Қазақстанға инвестициялар салу мүмкіндігін қарастыруға ша­қырды. Өз кезегінде М.Мори екіжақты ынтымақтастықты дамыту жөніндегі мүдделердің ортақтығына назар аударды және бар әлеуетті ортақтаса отырып зерделеуге дайын екендігін білдірді.

ҚР СІМ басшысының Чили Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Альфонс Наварромен өткізген келіссөзі негізгі шараға айналды. Е.Ыдырысов Қазақстан Сыртқы істер министрінің Чи­лиге алғашқы сапары екі ел­дің дипломатиялық қарым-қаты­нас­тарының 20 жылдығына тұс­па-тұс келгенінің нышандық мә­ні бар екенін атап өтті. Қазақ­стандық дип­ломат әріптесіне «Қа­зақ­стан-2050» ұзақ мерзімді Даму стратегиясы туралы баяндап, оның аясында Қазақстан әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру жөнінде үлкен мақсат қойып отырғанын жеткізді. Осыған орай, Қазақстан өзінің халықаралық байланыстарын кеңейтуге мүд­делі. Бұл ретте назарын Латын Аме­рикасы мен Африка елдерімен ын­тымақтастықты дамытуға аударатын болады.

А.Наварро өз елінің Қа­зақ­стан­мен әріптестікті нығайтуға деген белсенді қызығушылығын жасырмады. «Өңірлеріңіздегі елдердің арасында Қазақстан біз үшін ерекше қызығушылық тудырады. Біз өзара байланыстарды кеңейтуге дайынбыз», – деді ол. Ол сауда, энер­гетика және тау-кен өнеркәсібі сала­ларында ынтымақтастықтың айтарлықтай әлеуеті бар екенін атап өтті.

Екі ел азаматтарының өза­ра са­­пар­лар алмасу тәртібін жеңіл­де­ту мәселесі кездесудің бас­­ты тақы­рыбына айналды. Бұл ба­ғыт­тағы маңызды қадам – ке­ліс­сөздер барысында қол қойылған Дип­ломатиялық және қызметтік пас­порттар иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім болды. Тараптар екі елдің азаматтары үшін жақын болашақта толығымен визалық талаптарды жою бойынша келісімге жету мақсатында келіссөздерді жалғастыра беруге уағдаласты.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Чили СІМ-дері арасында Сая­си кеңестер туралы келісімге қол қойылды. Бұл құжат екі ел ара­сындағы үнқатысуды жүйелі жолға қоюға бағытталып отыр.

Сондай-ақ, А.Наварро қазақ­стан­дық тарапты Чилидің Астанада дипломатиялық өкілдік ашуды жос­парлап отырғаны туралы хабардар етті.

Қазақстан Сыртқы істер ми­нистрі Чилидің Энергетика ми­нистрі Хорхе Бунстермен жә­не Тау-кен өндірісі министрі Эр­нан де Солниакпен кездесіп, екі-жақ­ты ынтымақтастықтың өзек­ті мә­селелерін талқыға салды. Та­рап­­тар байланыстарды әрі қарай да­­мыту жолдарын қарастырып, ынтымақтастықтың болашағы бар бағыттарын айқындады.

Е.Ыдырысов Чили Дип­ло­ма­тия­лық академиясының ректоры Пабло Кабреромен де кездесу өткізіп, академия тыңдаушылары алдында лекция оқыды.

Ресми кездесулерден бө­лек, Қазақстан сыртқы сая­сат ве­дом­ствосының басшысы Чили Пре­зи­денті Себастьян Пиньера Эче­никемен бейресми кездесу өткізді. Келіссөз барысында С.Эченике Қазақстан Президентіне өз еліне сапармен келуге шақыруын табыс етті. Е.Ыдырысов, өз кезегінде, Чи­ли басшысын оған ыңғайлы уа­қытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Е.Ыдырысовтың Чилиге сапары Латын Америкасының жетекші елдерінің бірімен екіжақты қарым-қатынастың жаңа бетін ашып, Қазақстан сыртқы саясатының белсенді әрекетке көшуі жөніндегі талпынысын көрсетті.

Латын Америкасындағы тур­не аясында Е.Ыдырысов Ар­ген­тина мен Бразилияға да сапармен барады деп күтілуде.