Қазақстан • 01 Маусым, 2020

Жағдай нашарласа блокпосттар қайта қойылады

2131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов айтты.

Жағдай нашарласа блокпосттар қайта қойылады

«Блокбекеттер өз міндетін атқарды. Енді біз жағдайды реттеуіміз керек. Коронавирустық инфекция жағдайында өмір сүруге бейімделуіміз керек. Шектеу шараларына басымдық беріліп жатыр. Егер елдегі жағдай күрт нашарласа, аймақтарда блокпосттар қайта қойылады. Біз облыс орталықтары аралығындағы блокпосттарды алдық. Ал облыстың ішіндегі бекеттерді қалдырдық», - деді С. Байғабылов. 

Оның айтуынша, блок-бекеттердің алынуы аймақтардан үйлеріне жете алмай қалған тұрғындардың жақындарымен қауышуына мүмкіндік береді.