03 Қазан, 2013

Банк пәтер бөлісінде былыққа жол берді

248 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамы жүргізген «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ іс-әрекетіне қатысты тексеру жұмыстарының нәтижесінде «Айгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің банктің бірқатар қызметкерлері мен олардың туған-туыстары арасында бөлініске түсіп кеткені туралы дерек дәлелденді. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлады.

«Иә, расында да Парламент Мәжілісі депутатының (Нұрлан Жазылбеков – ҚазТАГ) «Қазақстан Тұрғынүйжинақбанкі» акционерлік қоғамының іс-әрекетіне байланысты мәлімдемесінен кейін холдинг жедел комиссия құрды. Ол 2013 жылғы 25 маусымнан 17 шілдеге дейінгі кезеңде тиісті тексеруін жүргізді.

«Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамы жүргізген «Тұрғынүйжинақбанкі» АҚ іс-әрекетіне қатысты тексеру жұмыстарының нәтижесінде «Айгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің банктің бірқатар қызметкерлері мен олардың туған-туыстары арасында бөлініске түсіп кеткені туралы дерек дәлелденді. Бұл туралы Nur.kz порталы хабарлады.

«Иә, расында да Парламент Мәжілісі депутатының (Нұрлан Жазылбеков – ҚазТАГ) «Қазақстан Тұрғынүйжинақбанкі» акционерлік қоғамының іс-әрекетіне байланысты мәлімдемесінен кейін холдинг жедел комиссия құрды. Ол 2013 жылғы 25 маусымнан 17 шілдеге дейінгі кезеңде тиісті тексеруін жүргізді.Тұтастай алғанда, депутат сауалында келтірілген мәселелер бойынша қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері анықталған жоқ», – деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі» акционерлік қоғамының басқарушысы Айбатыр Жұмағұлов ҚазТАГ тілшісіне.

Сонымен бірге, оның мәліметі бойынша, «Айгерім» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің банктің бірқатар қызметкерлері мен олар­дың туған-туыстары арасында бөлініске түсіп кеткені туралы дерек дәлелденген болып шықты.

«Атап айтқанда, «Айгерім» тұр­ғын үй кешенінен тұрғынжай сатып алу пулына А.А.Бөлегенованың (банк­тің Алматы филиалының директоры А.М.Бө­ле­ге­нов­тің зайыбы) қатысқаны, сондай-ақ, Ч.А.Тілеу­бергеновке (А.А.Бө­ле­гено­ва­ның бауыры) пулға қатысу құқығын беру фактілері анықталды», – деп атап көрсетті ұлттық холдингтің басқарушысы.

Холдинг басқарушысы А.Жұ­ма­ғұлов, сондай-ақ, тұр­ғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз бөлі­гін пәтердің кезегіне қою жергілікті атқарушы орган­ның – бұл жағдайда Алматы қаласы тұрғын үй депар­таментінің құзырында екенін ескертіп өтеді. «Ал банк қызметкерлерінің әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған тұрғындар есебінен жеңілдетілген тәртіппен пәтер алып кеткен жағ­дай­лары анықталған жоқ», – деп атап көрсетті ол.

Сәкен МАЙЛЫБАЙ.