Қоғам • 01 Маусым, 2020

Қазақстанда балалар құқығын қорғаумен айналысатын 300-ден астам ұйым бар

361 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын 300-ден астам үкіметтік емес ұйым бар.Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

Қазақстанда балалар құқығын қорғаумен айналысатын 300-ден астам ұйым бар
- Жыл сайын маусым айының алғашқы күнінде Халықаралық балаларды қорғау күні атап өтіледі. Бұл – жас ұрпақтың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, құқықтары мен дамуына қатысты жауапкершілікті еске салатын күн. Қазақстан балалардың құқықтықтарын қорғаудың халықаралық жүйесінің дамуына белсенді атсалысады. Тәуелсіздік жылдары біз негізгі халықаралық құжаттарды ратификацияладық. Ондай маңызды құжаттардың бірі – Бала құқықтары туралы конвенция. БҰҰ Бала құқықтары жөніндегі комитеті 70-ші сессия кезінде елімізде балалардың құқықтарын қорғау мәселесі айтарлықтай жетіліп келе жатқанын атап өтті. Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев осы мәселе төңірегінде барлық қажетті шараларды қабылдап, балалардың құқықтырын қорғау бойынша тапсырма берді, - деп жазды Асхат Аймағамбетов.
 
Оның айтуынша, Бүгінгі таңда республикамызда балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен БҒМ,  ДСМ,  ЕХӘҚМ,  АҚДМ, ІІМ, МСМ және тағы басқа министрліктер мен басқа да ұйымдар айналысады. Бұл ретте жергілікті деңгейде білім беру, денсаулық сақтау, балаларға арналған әлеуметтік қорғау жүйесінде мыңнан астам орган мен ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде балалардың құқықтарын қорғау мәселелерімен айналысатын 300-ден астам ҮЕҰ бар.