03 Қазан, 2013

Фермерлерге арналған дүкен

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жақында Өскеменде фермерлерге арналған аумағы 5200 шаршы метрді алып жатқан, бір мезетте 210 сатушы тұратын гастроном ашылды. Сауда орнының ашылуына өңір басшысы Б.Сапарбаев қатысып, мұндай гастрономның бұрын облыста болмағанын, арада делдалдар болмайтынын, фермерлер мен шаруа қожалықтары енді өздері өндірген өнімді сата алатынын айтып, тұрғындарды құттықтады.

Аумағы атшаптырым сауда орталығында сол күні «Шығыс-Сүт», «Багратион», «Эмиль» бірлестіктері шыға­ратын сүт өнімдері сатылды. Бағасы өзге дүкендердегіден 20-30 пайыз арзан. Шұжық, ет, көкөніс, басқа азық-түлік тауарлары да жергілікті жерде өндірілгендіктен сатып алушылардың қалтасы көтерерліктей арзан.

Оңдасын ЕЛУБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

ӨСКЕМЕН.

Соңғы жаңалықтар