03 Қазан, 2013

Көкжиегі кеңейген көрме

240 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысының Ресейдің шекаралас өңірлерімен эконо­микалық байланысын нығайтуға бағытталған қадамдары қуатты бола түсуде. Бұған «Еуропа-Азия» шекарасыз ынты­мақ­тастық» ХII халық­аралық өнеркәсіп көр­месі анағұрлым сер­пін беріп келеді. Биыл бұл көрме «AKTOBE INVEST-2013» бірінші халық­аралық инвес­тиция­лық форумы аясында өткізілуде. Көрменің мақсаты Қазақ­станға инвесторлар тар­ту, екі ел арасындағы сау­да-саттықты дамыту, сон­дай-ақ, алыс-жақын шетелдермен эко­номи­калық ынтымақтас­тықтың көкжиегін кеңейтудің қайтарымды жолдарын іздестіру болып табылады.

Көрменің және форумның аясында біртұтас экономикалық кеңістік құру бағытында тауарлар, қызметтер, капитал және жұмыс күшінің ойдағыдай қамтамасыз етілуінің өзекті мәселелері сөз болады. Онда ғылым мен бизнестің проблемалары да әңгіме өзегіне айналады. Көрмеге қатысушылар тауарлардың, қызметтердің жаңа түрлерімен танысады, іскерлік және сауда байланыстарының нығаюына берік негіз қаланады.

Бұрындары бұл көрмеге 150-ге жуық Ресей және Қазақстан кәсіпорындары қатысатын болса, биыл бірінші рет 20-дан астам Польшаның өндіріс орындары келіп отыр. Бұл жолы Польша жер қазу, жол-құрылыс және тау-кен техникаларын, химия өнеркәсібі өнімдерін әкелген. Олар сондай-ақ, әйелдер киімін, шұлық бұйым­дарын да көрмеге ұсынды. Ресей елі құрылыс машиналарын, энер­гия және қуат үнемдегіш, мұнай-газ техникаларын, құрал-жабдықтар, қондырғылар, автомобиль мен қосалқы бөлшектер, жеңіл тамақ өнеркәсібі өнімдерін әкелген. Биыл көрмеге Орынбор облысындағы «Желен» ет комбинаты, «Урал бройлері» ЖАҚ сапалы ет өнімдерін көптеп қой­ды.

Осы көрмеге Ресейдің тек Орынбор облысынан ғана емес, Уфа, Самара, Екатеринбург, Обнинск, Златоуст және басқа қалаларынан да кәсіпорындар келді. Ақтөбе облысындағы сан­техникалық бұйымдар шы­ға­ратын «Тенуса» ЖШС, өнер­кәсіптік жарылғыш заттар өн­діретін «НитрохимГрупп» ЖШС, Саран қаласындағы жасанды жамылғы шығаратын «Карат» ЖШС және басқа кәсіпорындар өнімдеріне ресейліктер тарапынан да қызығушылық болды. Ал, Қызылорда облысының Қазалы ауданынан келген «Сыр маржаны» ЖШС өз өнімдерін Ресейге өткізуге Ақтөбедегі көр­менің септігі тиетініне се­нім­ді. Серіктестік биыл 1800 гек­тарға күріш өсіріп, әр гектардан 42 центнер өнім жинапты. Енді осы көрме аясындағы шаралар барысында өздеріне тұрақты тұтынушы табу ниетінде екендіктерін аңғартты.

Көрменің салтанатты ашылуында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрмұхамбет Әбдібеков сөз сөйлеп, «Еуропа-Азия» шекарасыз ынтымақтастық» ХІІ халықаралық өнеркәсіп көрмесін экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы ұтымды қадам ретін­де бағалады. Өңірдің соңғы жыл­дары серпінді дамып келе жатқанын тілге тиек ете келіп, көршілермен экономикалық бай­ланыстарды нығайтудағы жаңа бастамаларға тоқталып өтті. Орынбор облысы үкіметі төр­ағасының орынбасары, облыстық ауыл шаруашылығы ми­нистрі Михаил Маслов өт­кен жылы Ақтөбе облысымен екі арадағы сауда-саттық 230 миллион АҚШ долларын құр­а­ғанын, әсіресе, қой және ірі қара етіне сұраныс жоғары екенін жеткізді. Мұндай екіжақты ынты­мақтастықтың тиімділігін атап өтті.

Сатыбалды СӘУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Ақтөбе облысы.