Аймақтар • 02 Маусым, 2020

Есілде 45 отбасы баспаналы болады

128 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауданда  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпқабатты 45 пәтерлі тұрғын үй салынуда.  Оған республикалық қазынадан 297,5 млн теңге бөлініп отыр.

Есілде 45 отбасы баспаналы болады

Құрылысы сәуір айында басталған тұрғын үй желтоқсанда пайдалануға беріледі. Есіл қаласында соңғы үш жылда  «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алғаш рет салынып отыр. Қазір қалада үй кезегінде тұрғандар көп. Сондықтан,  құрылыс бөлімінің мамандары баспана мәселесінің бірден шешіле қоймайды дейді.

– Жаңа нысанды пайдалануға беру арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарының баспаналы болу үмітін ақтаймыз. Қазір қалада тұрғын үй кезегінде тұрған бес жүзден артық отбасы бар,–дейді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің жетекшісі Байділда Тойшыбеков.

Тұрғын үйдің инженерлік желілері мен абаттандыру жұмыстарына  30 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

 

Ақмола облысы