03 Қазан, 2013

Елімізде әлемдік мұнай конгресі өтуі мүмкін

299 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Берлиндегі елшілігінде Германияның салалық министрліктері басшылығының, іскер топтары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Астана 2017 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресінің өткізілу орны ретінде» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Берлиндегі елшілігінде Германияның салалық министрліктері басшылығының, іскер топтары мен баспасөз өкілдерінің қатысуымен «Астана 2017 жылы Дүниежүзілік мұнай конгресінің өткізілу орны ретінде» тақырыбында конференция өтті, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.

Форумның ашылуында Қа­зақ­станның Германиядағы ел­ші­сі Нұрлан Онжанов пен «KAZ­ENERGY» қауымдастығы төра­ға­­­сының орынбасары Жам­бо­лат Сәрсенов сөз сөйледі. Қа­зақ­стан­дық дипломат қатысушыларды «Қазақстан-2050» Даму стратегия­сы аясындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қырлары мен қазақ-герман ынтымақтастығының өзекті бағыттарынан хабардар етіп, 2017 жылы Астана қаласында Дүниежүзілік мұнай конгресін өткізуге деген Қазақстанның өті­німін қолдауға шақырды.

«KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жам­болат Сәрсенов Қазақстанның кан­дидатурасын халықаралық аренада ілгерілету бойынша жан-жақты түсінік берілген баяндама жасады. Ол еліміздің мұнайды шы­ғару, ұқсату мен тасымалдау бой­ынша әлеуеті және ірі ха­лық­аралық іс-шаралар өткізу саласында жинақтаған тәжірибесі туралы кеңінен әңгімеледі.

Неміс тарапынан ГФР Эко­номика және технологиялар ми­нистрлігі энергетикалық саясат де­пар­таментінің басшысы Йорг Кирш, Германиядағы Сыртқы саясат қоғамы Бертольд Байц атын­дағы орталығының директоры Эвальд Бёльке және KSA Deutag Drilling GmbH компаниясының басшысы Юрген Вернинг сөз сөйледі.

Германия жағынан қаты­су­шылар Еуропаның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Қазақстанның рөлі мен маңызына жоғары баға беріп, Астана мұнай форумын қабылдауға дайын екенін атап өтті. Шараға қатысушылар форумның нәтижесі бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты.

Энергия ресурстарының мол қорына ие бола отырып, Қазақстан өзінің кандидатурасын мұнай-газ нарығындағы басты форумды өт­кізуге ілгерілетуде. Аталған кон­грестің шеңберінде мыңдаған ма­ман өз тәжірибелерімен бөлісіп, бас­­­қа­ру және мұнай шығару техно­ло­гиялары бойынша пікір алысады.