03 Қазан, 2013

Сіз не дейсіз?

226 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Аймақта ел ризығы мол

Шығыс Қазақстан облысында диқан ризығы – ас­тықтан бұрын-соңды бол­ма­ған рекордтық өнім алынатын түрі бар. Қазірдің өзінде өңірдегі дәнді дақылдардың 85 пайызға жуығы бастырылды. Әр гектардан орта есеппен 17-18 центнерден ақмаржан жиналуда. Бүгінде орақ барысы қалай өтуде? Алтын дәнді сақтау орны дайын ба? Оны өткізу барысы қалай жүзеге асырылмақ?

«Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі Оңдасын Елубай облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Дүйсембай Селихановқа:

– Сіз бұған не дейсіз?

– Несін айтасыз, осыдан үш-төрт жыл бұрын Кенді Алтайда астық бітік өсіп, ауа райы қо­лай­лы болып, нәтижесінде 1 миллион тонна астық бастыр­ған едік. Ал биыл барлық өңір­лердегідей, Шығыста да та­би­ғат ана жомарттық танытып, көктемнен басталған жаңбыр жаз бойы жауып, егін бітік өсті. Бір ғана мысал. Өткен жылы 1 миллион гектарға дәнді дақылдар себіліп, орта есеппен 10,9 центнерден астық бастырылған еді. Биылғы нәтижеге қарап, 1 миллион тонна астық бастыруға мүмкіндік бар деп есептеп отырмыз. Егін, әсіресе, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Ұлан, Бородулиха аудандарында бітік өсті. Кейбір шаруа қожалықтары гектарынан 20-25 центнерге дейін астық бастырып жатыр.

Күнбағысты оруға әлі­ біраз уақыт керек. Ол қа­жет­ті кондицияға жеткен жоқ. Күнбағыстан да ауыл шаруашылығы құрылымдары биыл мол өнім алатын түрі бар. Мәселен, Зырян ауданында 30 мың гектардан астам аумақта күнбағыс ерекше бітік өсіп тұр. Қажетті техника жеткілікті, қазір ауданда рапсты ору басталды. Рапс дақылынан май алынатыны белгілі. Ал Үржар ауданында соя дақылы да бітік өсті. Сояның қадірін диқандар да түсіне бастады. Мәселен, көрші Қытай сояның әр тоннасын астыққа қарағанда, екі-үш есе қымбатқа сатып алады. Демек, алдағы уақытта пайдасы көл-көсір дақылды өсіруге ынта танытатындардың қатары көбейетіні анық. Сонымен бірге, көкөністен де мол өнім алынуда.

Ең күрделі мәселе орылған ел ризығын қамбаларға құйып алу екені белгілі. Облыста егінді сақтайтын қамбалар аз емес. Кейбір жеке меншік қамба иелерімен келісім жасалды. Қысқасы, Кенді Алтай диқандарының биыл астықтан мол өнім алатыны айқын. Ал егін орағы жақын арада аяқталатын болады.

Шығыс Қазақстан облысы.

Соңғы жаңалықтар