03 Қазан, 2013

«Жасыл экономика» бойынша курс

366 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кеше Астанада «жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен Азия-Тынық мұхиты аймағы Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті, Экология және орнықты даму институтымен бірге бірінші ұлттық семинардың таныстырылымын өткізді.

Онда Қазақстанның төмен көміртекті дамуына арналған жасыл даму саясатының тетіктері сөз болды.

Кеше Астанада «жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы мен Азия-Тынық мұхиты аймағы Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының Экология және қоршаған ортаны қорғау департаменті, Экология және орнықты даму институтымен бірге бірінші ұлттық семинардың таныстырылымын өткізді.

Онда Қазақстанның төмен көміртекті дамуына арналған жасыл даму саясатының тетіктері сөз болды.Семинарға Нобель сыйлығының экономика бойынша лауреаты Рае Квон Чунк жетекшілік етті. Онымен бірге ұлттық семинарда осы саланың бір топ білікті мамандары дәріс жүргізді. Ал семинарға ЭСКАТО, ЕЭК, РЭЦЦА, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы», үкіметтік емес ұйымдар мен бизнес және академиялық ортаның өкілдері қатысты.

Кеңес барысында «жасыл экономикаға» ауысуға қажетті жасыл даму саясаты туралы әңгіме өрбіді. Онда алдыңғы қатарлы және инновациялық тәсілдер қолданылатын, оған қоса бірегей саналатын виртуалды оқыту жүйесі көпшілікке кеңінен таныс­тырылды. Мұндағы негізгі мақсат – төмен көміртекті экономикалық даму аясында жасыл салықты және бюджеттік реформаны, жасыл инфрақұрылым мен бизнесті жасылдандыру. Сөйтіп, тұрақты өндіріс пен оны дұрыс тұтыну секілді көкейкесті мәселелер әңгіме өзегіне айналып, оларды еңсеру жолдары қарастырылды. Сонымен қатар, жекелеген елдерде жүзеге асырылып жатқан бірқатар тың жобалардың артықшылықтары мен олқылықтары да тақырып талқысынан тыс қалмады.

Курстың таныстырылған бағдарламасы алты модульге бөлініп, оның әрқайсысын зерделеуге бір апта уақыт беріледі. Қатысушы әр курсты тәмамдаған соң тестілеуден өтеді. Осы орында дәріс алушы барлық сұрақтардың 80 пайызына дұрыс жауап беруі тиіс. Сонда дәріске қатысушының қабілеті барлық қырынан ашылып, толық көрінеді. Нәтижесінде, курс­ты сәтті аяқтаған талапкерлерге арнайы сертификат табыс етіледі.

Нұрбай ЕЛМҰРАТОВ,

«Егемен Қазақстан».