Әлем • 02 Маусым, 2020

Д.Трамп: АҚШ-тағы жағдай ішкі терроризмге жол ашты

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ елінде өрістеген жаппай бейбіт митинг ішкі терроримге ұласып барады дейді елдің президенті Дональд Трамп.

Д.Трамп: АҚШ-тағы жағдай ішкі терроризмге жол ашты

«Линкольнның және Екінші дүниежүзілік соғыс жауынгерлері құрметіне тұрғызылған ескерткіштердің құлатылуы сөзсіз ішкі террористік сипаттың көрінісі. Әрине, Джордж Флойдтың қазасы жайлы айтар болсам, барлық іс әділ заң шеңберінде шешілері хақ. Бейбіт митингіні пайдаланып қарақшылық көріністердің қылаң беруі қарапайым бұқараға пайда әкелмейді. Сондықтан елдегі бұндай келеңсіздіктермен күресетін боламыз. Өйткені, ел ішінде пайда болған наразылықты анархистер мен кәсіби тонаушылар өз мүддесіне пайдаланбақшы. Әсіресе, АҚШ-тағы фашистік әрекеттерге қарсы («Антифа» т.б) ұйымдар әрекетін құптауға болмайды. Кейбір штат губернаторлары тұрғындардың қауіпсіздігін толық қорғай алмауда. Елдегі берекесіздікті тоқтату үшін күштік құрылымдардың қуатына жүгінуге тура келеді. Егерде бәзбір штаттардағы жағдай тұрақтанбаса, ол жерге АҚШ қарулы күшін орналастыру арқылы бейбітшілікті сақтауға мәжбүр боламыз» деді президент.

Күштік құрылымдарды ел ішіндегі берекесіздікті басуға  пайдалану үшін президент 1807 жылғы «Ереуіл туралы» заңды басшылыққа алуы тиіс дейді заңгер-саясаткерлер. Аталыш заң бұған дейін 1968 жылы Мартин Лютер Кинг өлтірілгеннен кейінгі жағдайға және 1992 жылы Лос-Анжелестегі ереуілді тоқтатуға пайдаланыпты.