03 Қазан, 2013

Сыбайластық өрті – қоғамның дерті

408 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

Кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ке­зекті баспасөз конференция­сында: «Еліміздің Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күресетін мемлекеттік ор­гандардың бірі», деп атап өтті. Экономика саласындағы қыл­мыс­тарға қатыстыларды жазалауды, либерализациялау және ізгілендіру мен қылмыстық ахуалды жақсарту мақсатында біздің мемлекет қаржы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Осы ретте агенттіктің дербес құрылымдық бөлімшесі, яғни ақ­параттық талдау департаментінің басты мақсаты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың себептерін жоюға бағытталған, деді ойын сабақтаған А.Әбибуллаев.

Кеше Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев ке­зекті баспасөз конференция­сында: «Еліміздің Қаржы полициясы сыбайлас жемқорлыққа және экономикалық қылмысқа қарсы күресетін мемлекеттік ор­гандардың бірі», деп атап өтті. Экономика саласындағы қыл­мыс­тарға қатыстыларды жазалауды, либерализациялау және ізгілендіру мен қылмыстық ахуалды жақсарту мақсатында біздің мемлекет қаржы экономикалық құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жүйесін жетілдіру мәселесіне ерекше көңіл бөлуде. Осы ретте агенттіктің дербес құрылымдық бөлімшесі, яғни ақ­параттық талдау департаментінің басты мақсаты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу мен олардың себептерін жоюға бағытталған, деді ойын сабақтаған А.Әбибуллаев.

Бұдан кейін «Сыбайлас жем­қорлық пен экономикалық қыл­мыстың алдын алу бағыты бойынша Қаржы полициясы жұмысының басымдықтары» атты тақырыпта Қазақстан Республикасы Эконо­ми­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы кү­рес агенттігінің ақпараттық-сарап­тамалық департамент бастығы Олжас Бектенов пен агенттіктің ресми өкілі Мұрат Жұманбай сөз алып, атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттерге тоқталды.

Елбасы өзінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-эко­но­микалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты ха­лыққа Жолдауында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін жаңа құқықтық тетіктерді, ақпараттық мүмкіндіктерді пай­далануды тапсырған бола­тын. Осы орайда баяндама жа­са­ған О.Бектенов бұл тапсырманы орындау мақсатында Эко­но­ми­ка­лық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігініңТөрағасы қаржы полициясы органдары қызметінің басым бағыты ретінде қылмыстың алдын алу тетіктерін белгіледі, деді. Бұл орайда, агенттіктің құрылымында Сыбайлас жемқорлықтың және экономикалық қылмыстың профилактикасы және оның алдын алу басқармасы, сондай-ақ, Ахуалдық орталық, ал облыстық департаменттерде – талдау бөлімдері құрыл­ған екен. Осылайша, профи­лактикалық жұмысты атқару тәсілі өзгертілген.

Мәселен, «Дөңгелек үстелдер», семинарлар және сыбайлас жем­қорлыққа қарсы дәрістер ұйым­дастырумен қатар «мақсатты аудиториямен» профилактикалық іс-шаралар жүргізу тәжірибесі енгізіліпті. Қаржы полициясының қызметкерлері сыбайлас жем­қор­лыққа барынша бейім мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен, ең алдымен, бақылау-рұқсат ету өкілеттігіне ие, яғни халықпен тікелей қатынаста болатын, мем­лекеттік қызмет көрсететін немесе бюджет қаражатын бөлуге қа­тысы бар адамдармен кездесу­лер өткізеді. Бұл кездесулерде мем­лекеттік қызметкерлердің пара алу үстінде ұсталуы туралы бейне­материалдар көрсетіледі, сыбайлас жемқорлықтың кері салдары түсіндіріледі.

Сыбайлас жемқорлыққа қар­сы көзқарасты қалыптастыру ша­рала­рымен қатар, Қаржы полициясы агенттігі сыбайлас жем­қор­лық және экономикалық қыл­мыс­ты жасауға ықпал ететін себеп­тер мен салдарды анықтау және жою бойынша белсенді жұ­мыс жүргізуде. Біз тек қылмыс­тық-құқықтық шаралармен ғана қылмысқа қарсы тұрудың жет­кі­ліксіз екенін түсінеміз, дейді О.Бектенов. Сондықтан құқық бұ­зушылықтарды жасауға итер­ме­леудің алғышартын жою­ды жүйелі деңгейде шешу қа­жет. Осы бағытта Гонконг, Син­га­пур және басқа да елдердің тә­жі­рибесінің негізінде ниеті теріс қызметкерлерге лауазымын асыра пай­далануға мүмкіндік беретін заң шығару және ұйымдастырушылық кемшіліктерін анықтау үшін мем­ле­кеттік органдардың қызме­тін­ терең зерттеу тәжірибесі ен­гі­зілген. Осылайша, Агенттік СЭС, МСҚК, жол полициясы, өрт­­ке қарсы тұру қызметі, салық ор­ган­дарының, жер қатынастары бас­қармасының, яғни халықпен және кәсіпкерлермен жиі қаты­нас­­та болатын мемлекеттік құры­лым­дардың қызметіне талдау жасады.

Зерттеу нәтижелері бойынша аталған органдарға сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себеп­тер мен салдарды жою ту­ралы ұсыныстар енгізілді. Қар­жы министрлігінің Салық коми­те­тімен 2013-2015 жылдары са­лық органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру іс-ша­раларының бірлескен жоспары бекітілді. Сонымен қатар, мұнай және мұнай өнімдері, сирек кез­десетін металдар, қайталама металдар, бидай, балық, алкоголь өнімдерінің айналымы саласында, экспортшыларға ҚҚС қайтару және басқа да өзекті мәселелер бойынша талдамалық зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде Президент Әкімшілігіне, Үкіметке қолданыстағы заңнаманы жетіл­діру, аталған салаларда кри­ми­но­гендік жағдайды төмендету ша­раларын әзірлеу бойынша ұсы­ныс­тар енгізілді. Бұл орайда қар­жы полициясы органдары қыз­метіндегі талдамалық құрамды кү­шейту қылмыстың салдарымен емес, себептерімен күресуге мүм­кіндік берген.

Бұдан әрі баяндамашы Қаржы полициясы агенттігінің Ахуалдық орталығының қызметіне тоқталып, ол орталық автоматтандырылған талдау кешені болып табылады, қолда бар ақпарат көздерін пайдалану арқылы тәуекел оқиғаларды ашуға, субъектілер арасындағы айқын және көрінбейтін қаты­нас­тарды анықтау барысында туыс­тық, әлеуметтік және басқа да бел­гілері арқылы қылмысты жасау сызбаларын білуге мүмкіндік бере­ді, деді.

Ақпараттық қайнаркөздермен жұмыс жасау қаржы полициясы үшін аса маңызды, себебі бюджет қаражатының қозғалысы, шаруа­шылық субъектілері арасында есеп айырысулар туралы мәлімет мемлекеттік дерекқорларда шоғырланады. Кабинеттен шық­пай-ақ, қылмыстық қызмет бел­гісінің бар немесе жоқтығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін белгілі бір ақпарат кө­лемін қашықтықтан жинап, нақ­ты тәуекел субъектілері мен проб­лемалық аймақтар бойынша нүк­телік жұмыс жасауға болады. Мемлекетке зиян келтіруге дейін, қылмыстың уақытылы жолын ке­су және алдын алу мақсатында, заң­сыз іс-әрекет жасаудың жоға­ры тәуекеліне ие күдікті субъек­ті­лерді, оқиғаларды ашу – орта­лықтың негізгі міндеті болып та­бы­лады.

Мемлекеттік сатып алулар ке­зін­де бюджет қаражаттарын ұр­лаудың қылмыстық пиғылын жүзеге асыру бюджетті жоспар­лау кезеңінен басталатыны баршаға мәлім. Тауарлар мен қызметтерді және жұмыстарды сатып алу бағаларына болашақ пара сомалары енгізіледі. Осыған орай, Ахуалдық орталықпен сатып алу бағаларын негізсіз жоғарылату фактілерін анықтау үшін мемлекеттік органдардың және ұлттық компаниялардың сатып алу жоспарларына мониторинг жүргізіледі. Тапсырыс беруші жариялаған тауардың сатып алу құны нарықтық баға­лар­мен салыстырылады және жоғарылату анықталған жағдайда, Қаржы полициясы тарапынан конкурсты жою немесе бағаны төмендету, сондай-ақ, кінәлі қызметкерлерді жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізіледі. Осының арқасында жыл басынан бері 3 млрд.теңгеден астам бюджет қаражатын талан-тараж­ға салуға жол берілмеді. Мәсе­лен, ағымдағы жылғы тамыз айында Ақмола облысының ау­дандық ауыл шаруашылығы бөлімдерінің бірімен жоспарланған АИ-92 жанармайының әр литрін 325 тең­геден сатуына жол берілмеді. Сөйтіп, конкурс өткі­зілген жағ­дайда ұрлануы мүмкін 1 млрд. теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді. «Ертіс Орманы» табиғат резерваты әр данасының нарықтық бағасы 10 мың теңге тұратын ауыл ша­руа­шылығына қажетті автошиналарды 3,5 млн.теңгеден сатып алуды жоспарлаған. Қаржы по­лициясының талабы бойынша конкурс өткізілмеді.

Ахуалдық орталықтың материалдары бойынша жыл басынан бері осындай 250-ден астам қылмыстық іс қозғалды. Талдау жасау барысында жүйелі сыбайлас жемқорлық деректерін анықтауға, ұйымдасқан қылмыстық топ­тардың іс-әрекеттеріне жол бермеуге ерекше назар аударылды. Талдау әдістері терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға қарсы бағыт бойынша да белсенді қолданылады. Ахуалдық орталық талдаушылары бірнеше жылдар бойы Ақтөбе облысы аумағындағы сатып алуларда басымдыққа ие болған сыбайлас компаниялар тобын анықтады. Егер 2012 жылы республика бойынша жалған кәсіпкерлік деректері бойынша 282 қылмыстық іс қозғалса, үстіміздегі жылдың тек 8 айында – 715 іс қозғалды. Яғни, өткен жыл­дың барлық көрсеткішінен 2,5 есеге асып түскен. Талдау жо­лымен бірнеше жыл бойы Қос­та­най облысы және еліміздің бас­қа аймақтарында заңсыз қол­­ма-қол ақшаға айналдыру кә­­сі­бімен шұғылданып келген жал­­ған кәсіпорындар тобы анық­тал­ды. Тек осы топ бойынша 140-тан аса қылмыстық іс қозғалды. Талдау жұмыстарына жаңаша әдістерді енгізу қаржы полиция­сы қызметінің тиімділігін айтар­лықтай жоғарылатуға мүм­кін­дік берді. Мәселен, ағымда­ғы жылдың 8 айында ашылған қыл­мыс­тардың саны 13 пайызға артты (6481-ден 7353-ке). Анық­тал­­ған зиян сомасы 107 млрд.тең­­геден асты. Тыйым салынған мүліктерді есепке алғанда, жалпы зиян сомасының жартысынан көбінің бюджетке қайтарылуы қамтамасыз етілді.

Александр ТАСБОЛАТОВ,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар