Білім • 02 Маусым, 2020

ҰБТ-2020: талапкерлерге калькулятор беріледі

1510 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл ҰБТ дәстүрлі түрде, 20 маусым мен 5 шілде аралығында өткізілмек. Министрліктің мәлімдеуінше, санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталады.Тестілеу 5 пән (3 міндетті және 2 бейіндік) бойынша қағаз жүзінде алынады. Тест тапсырмаларының саны – 120. Ең жоғары балл – 140.

ҰБТ-2020: талапкерлерге калькулятор беріледі

Осы орайда талапкерлерге 2020 жылғы ҰБТ-ның Білім және ғылым министрлігі жариялаған жаңашылдықтардан хабардар еткіміз келеді.

-Тұлғаның бет-әлпетін тану көмегімен (Face ID) сәйкестендіру;

-Электрондық сертификат және білім беру грантын тағайындау туралы электрондық куәлік;

-SAT, ACТ және IB халықаралық стандартталған тестерінің балдарын ҰБТ балына аудару;

-Шектік балл жинамаған тұлғаларға ҰБТ қайтадан тапсыру мүмкіндігі беріледі;

-Болашақ педагогтер үшін шектік балл - 70;

-ҰБТ барысында түсірілген бейнежазба сарапталады. Тест тапсырушылары тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталған жағдайда ҰБТ нәтижесі де, тағайындалған білім беру гранты да күшін жояды;

-ҰБТ тапсыру орындарында калькулятор беріледі;

-Тестілеу уақыты 4 сағаттан құралмақ.

Соңғы жаңалықтар