Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Есірткі өсірген қызылордалықтар ұсталды

152 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы жылдың 1 маусымы мен 30 қазан аралығында Қызылорда облысы аумағында өтетін «Қарасора-2020»  арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасының бірінші күнінде ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсірудің 2 дерегін анықтады.

Есірткі өсірген қызылордалықтар ұсталды

Қызылорда қаласы Белкөл кентінің 48 жастағы тұрғыны үйінің ауласына 12 түп сора егіпті. Қызылорда қаласының 37 жастағы тұрғынының ауласынан да 4 түбі табылып отыр.  

Күдіктілерге қатысты қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 300-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.