Қазақстан • 03 Маусым, 2020

«Қызылорда – Жезқазған» жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өтеді

577 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Автомобиль жолдары комитеті 2020 жылғы 8 және 12 маусым аралығында «Республикалық маңызы бар «Қызылорда-Павлодар-Успенка-РФ шекарасы» автомобиль жолының ұзындығы 412 шақырымды құрайтын «Қызылорда-Жезқазған» (12-424 шақырымы) учаскесін қайта жаңарту» жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі мен «Қоршаған ортаға әсер етудің алдын ала бағасы» жобасын ашық жиналыста талқылау мақсатында қоғамдық тыңдауларды өткізеді. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Қызылорда – Жезқазған» жобасын талқылауға арналған қоғамдық тыңдаулар өтеді

Қызылорда облысында қоғамдық тыңдауды өткізу мерзімдері мен орындары:

- 2020 жылғы 11 маусым, сағат 16:00-де, Қызылорда қаласы, Достық үйі ғимараты, Алтынсарин көшесі.

- 2020 жылғы 12 маусым, сағат 10:00-де, Сырдария ауданы, Тереңөзек елді мекені, Мәдениет үйі ғимараты, Д. Қонаев көшесі, 8.

- 2020 жылғы 12 маусым, сағат 16:00-те, Шиелі ауданы, Шиелі елді мекені, «Арман» мәдениет үйі, Көкшоқы шағын ауданы.

Қарағанды облысында қоғамдық тыңдауды өткізу мерзімдері мен орындары:

- 2020 жылғы 8 маусым, сағат 11:00-де, Жезқазған қаласы, «НұрОтан» партиясының Жезқазған қаласы бойынша филиалының ғимараты, Ғарышкерлер желекжолы, 35.

- 2020 жылғы 8 маусым, сағат 16:00-де, Талап селосы, №14 мектептің ғимараты, Молодежная көшесі.

- 2020 жылғы 9 маусым, сағат 10:00-де, Ұлытау ауданы, Ұлытау селосы, Абай көшесі, 27.

- 2020 жылғы 9 маусым, сағат 17:00-де, Ұлытау ауданы, Мибұлақ селолық округы, Мибұлақ селосы, клуб ғимараты.

Сондай-ақ Қызылорда және Қарағанды облыстарында 2020 жылғы 16 мамыр мен 22 маусым аралығында сауалнама түріндегі қоғамдық тыңдаулардың өтіп жатқандығын еске саламыз. Қоғам өкілдері тарапынан ұсыныстар мен шағымдар электронды түрде қабылдануда.

Сауалнама Қызылорда облысында 2020 жылғы 16 мамыр мен 13 маусым аралығында, Қарағанды облысында 2020 жылғы 22 мамыр мен 22 маусым аралығында өтеді.