Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Сауда орындары «Adal nietpen» жобасын адал жүргізе ала ма?

328 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығы кәмелетке толмағандарға никотин бар өнімді сатуды шектеу бойынша «Adal nietpen» жобасын іске қосты. Жобаның негізгі міндеті – кәмелетке толмағандарға темекі және құрамында никотин бар өнімдерді (НБӨ) сатуға тыйым салу мақсатында бөлшек сауда дүкендері сатушыларының жауапкершілігін арттыру.

Сауда орындары «Adal nietpen» жобасын адал жүргізе ала ма?

Жоба шағын бөлшек сауда өкілдеріне, оның ішінде дүкендердің иелері, кассирлері және НБӨ мен кәмелетке толмаған тұлғалар арасындағы байланыс бола алатын барлық адамдарға бағытталған.

«Біз бір қарапайым ойды жеткізгіміз келеді: кәмелетке толмағандар арасында темекі шегу мен никотинді тұтыну мәселесін шешу - ересектердің және екі есе темекі мен НБӨ сататын адамдардың жауапкершілігі болып табылады. Жоба аясында біз онлайн Декларацияны іске қостық, оған бірнеше рет басу арқылы қосылуға болады. Бірақ декларацияның қағидаларын түсіну және қолдану, сол арқылы басқаларға үлгі көрсету маңызды», – деп атап өтті Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының басқарма төрағасы Жібек Әжібаева.

Жоба аясында ҚСКҚ http://atpk.kdt.kz/сайтында жеке айдар шығарды, онда бөлшек сауда өкілдері кәмелетке толмағандарға НБӨ барлық түрлерін сатуға тыйым салу туралы ерікті декларацияға қосыла алады.

Қауымдастық Кәмелетке толмағандар арасында НБӨ тұтыну мәселесі туралы хабардарлықты арттыру үшін бірқатар онлайн және оффлайн іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр, олар туралы Instagram арқылы жобаның аккаунты @adal_nietpen және http://atpk.kdt.kz/ сайтынан білуге болады. ҚСКҚ-да бөлшек сауда өкілдерінің ең көп санына әлеуметтік жауапкершілік туралы еске салу үшін мегаполистерді ғана емес, сонымен қатар аймақтарды да қамту жоспарда бар.

«Жобаның атауы – таза ниеттен туды. Біз сауда өкілдері өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығы үшін жеке жауапкершілігін есте сақтау керектігін тағы да еске салғымыз келеді», – дейді жоба идея туралы Қазақстанның сауда кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Ермек Рахметов.

Жобаның серіктесі – «Алвин Маркет» зерттеу агенттігінің көмегімен – ҚСКҚ сатушылардың НБӨ  сатуға қатынасын зерттейді, оның нәтижелері жоба аяқталғаннан кейін жарияланады.

«Adal nietpen» жобасы «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылады.

 

 

 

АЛМАТЫ