Спорт • 03 Маусым, 2020

Биыл даңқты бапкер Виктор Тихоновтың 90 жылдығы

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көзі тірі болғанда ертең, яғни 4 маусым күні ұзақ жылдар бойы шайбалы хоккейден КСРО құрамасының бас бапкері болған әйгілі жаттықтырушы Виктор Тихонов 90 жасқа толатын еді. 

Биыл даңқты бапкер Виктор Тихоновтың 90 жылдығы

Шын мәнінде, ол – ғаламат бапкер еді. Мәскеудің тумасы 1977-1992 жылдар аралығында Кеңес Одағы құрамасының бас бапкері қызметін абыройлы атқарды. Сол кездері айтулы команда өзі қатысқан жарыстарды тегістей ұтып жүрді. Олардың сүрінген кездері тым сирек.

Нақты мәліметтерге сүйенсек, үш мәрте Олимпия ойындарының және сегіз рет әлем чемпионатының жеңімпазы атанды. Оның сыртында күміс пен қола медальдар тағы бар. Мәскеудің ЦСКА клубы ішкі біріншілікте 12 рет топ жарып, халықаралық додалаларда қарсылас шақ келтірмеді. 1978-1990 жылдары армияшылардан жасақталған команда қатарынан 13 мәрте Еуропа чемпиондар кубогын олжалады.

Тихоновтың тұсында КСРО-ның қырандары Ұлттық хоккей лигасында (ҰХЛ) өнер көрсететін ойыншылардан әлдеқайда мықты болғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Сол себепті де әлемдегі ең үздік бапкерлердің бірі әрі бірегейі ретінде айтулы азаматтың есімі спорттық шежіреге алтын әріптермен жазылды.

Даңқты бапкер 2014 жылдың 24 қарашасында 85 жасқа қараған шағында жарық дүниемен қош айтысты.   

Соңғы жаңалықтар