Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Шымкент: Ата-ана қарауынсыз шомылып жүрген бүлдіршін көп

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкенттік төтенше жағдайлар мамандары судағы қауіпсіздікті сақтау мәселесі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Шомылу маусымы ресми түрде 1 маусымда басталды. Қазірдің өзінде жағалауда ересектерді айтпағанда ата-ана қарауынсыз шомылып жүрген бүлдіршіндер көп.

Шымкент: Ата-ана қарауынсыз шомылып жүрген бүлдіршін көп

Рейдтік тексеру жұмыстарын жүргізген Еңбекші ауданы ТЖБ кызметкерлері мен ауданы әкімдігі, учаскелік полиция қызметкерлері бүгін осындай азаматтарға ескертулер жасады.

Бадам өзені жағалауына және «Бадам-Рахат» демалыс орнына тексеру жүргізген мамандар, адамдарға тақырыпты жадынамалар мен үнпарақтар таратты. Сонымен қатар шомылу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы түсіндіру сабақтарын жүргізді.