Аймақтар • 03 Маусым, 2020

«Shymkent Fest» онлайн өнер фестивалі басталды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқаудың мақсаты: Бірлік пен береке бастауы, ұлттық дәстүріміздің ұясы саналатын Шымкент қаласының бүгіні мен болашағын өнер арқауына айналдыру. Дарынды жастардың өнерін дәріптеу, олардың шығармашылығын насихаттау, жергілікті талантты жастарға қолдау көрсету, халықтың бос уақытын тиімді пайдалану.

«Shymkent Fest» онлайн өнер фестивалі басталды

Байқаудың шарты:
Фестиваль 6 (алты) бағыт бойынша өтеді:
« 2200 жылдық шежірелі Шымкент» (Республикалық онлайн ақындар айтысы)
«Ғажайып қала - Шымкент»(жазба ақындар арасында онлайн мүшайра)
«Ертегі қала - Шымкент» (фотографтар арасындағы онлайн байқау)
«Балалар көзімен - Шымкент» (жас суретшілер арасындағы сайыс)
«Қайырымды қала - Шымкент» (оқырмандар арасындағы онлайн оқу)
«Туған күніңмен, Шымкент!» (ТМД өнерпаздарының құттықтаулары)

Онлайн форматта өнерпаздар талаптар мен шарттарға сай инстаграмм @shymkent_madeniet_baskarmasi әлеуметтік парақшасын және #Shymkent_Fest хэштегін белгілеп, әр өнерпаз өз бағытында сапалы бейнежазба салуы қажет. Салынған бейнежазбаны +7 700 105 06 08 WatsApp нөміріне жолдауы тиіс.