Аймақтар • 03 Маусым, 2020

Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Twitter парақшасында жазды.

Б.Сағынтаев Көкжайлауды Ұлттық паркке қайтаруды сұрады

Бақытжан Сағынтаев Көкжайлау тағдырына алаңдаушылық білдірген экологтар пікірлеріне ден қоятынын жазды. Бұл мәселеге нүкте қою үшін еліміздің Премьер-Министріне хат жолдады.

«Экологтармен жиі кездесемін. Көкжайлаудың тағдыры туралы көп айтылады. Осы мәселеге нүкте қою үшін бүгін Премьер-Министрдің атына бұл жерлерді қала қорынан Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына қайтару туралы өтініш хат жаздым», - деп жазды Бақытжан Сағынтаев.

Өткен жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласын дамыту бойынша өткізген жұмыс кеңесі барысында Көкжайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу жөніндегі жобаны іске асыруды тоқтату туралы тапсырма бергені бұрыннан белгілі.