Президент • 03 Маусым, 2020

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Тұрымовты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Президент Маңғыстау облысының әкімін қабылдады

Қазақстан Президентіне Маңғыстау облысының қоғамдық-саяси ахуалы мен әлеуметтік-экономикалық жағдайы, аймақтағы коронавирусқа қарсы күрес шаралары және Жаңаөзен қаласын кешенді дамыту жоспарының орындалу барысы жайында баяндалды.

Серікбай Трұмов Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс экономикасын әртараптандыру,  өңдеу өнеркәсібі мен туризм, көлік-логистика бағыттарын дамыту, ауылшаруашылығы саласындағы шағын несиелеуді қолдау шаралары туралы айтты.

Мемлекет басшысы өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын қамтамасыз ету, өндірісті дамыту мен аймаққа инвестиция тарту, туризм саласындағы жобаларды жүзеге асыру және коронавирус індетіне қарсы күрес жөнінде бірқатар тапсырма берді.