Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Қасиетті қала – балалар көзімен

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Онлайн-көрмеге қорық-музей қорын­да сақталған жас қылқалам шеберлері­нің және 2018 жылы өткен «Астана және Түркістан» жас суретшілер байқауы жеңімпаздарының, қасиетті қалаға деген сүйіспеншілігін қылқаламмен суреттеген дарынды жастардың туындылары қойылды.

Қасиетті қала – балалар көзімен

«Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің алдында тұрған қазақтың хандары мен билерін, игі жақсыларын суреттеп шықтым. Адам бейнесін жасау – ауыр әрі үлкен жауапкершілік. Менің арманым – суретші болу. Сондықтан өз туған жерімдегі барша қазақтың тұлғалары елімізге ақ баталарын беріп тұрған сәтін сезінгім келді. Күні-түні осы көріністі армандап, суреттеп шықтым», дейді туған жерге деген ыстық ықыласын өз өнерімен білдірген жас суретшінің бірі Есіркеп Сәбитұлы.

Сонымен қатар Түркістан қаласы­ның жас дарындары сурет салудан шебер­лік сабақтарын жүргізіп, еліміздің түк­пір-түкпіріндегі достарына онлайн түрде таныстырып шықты. Халықаралық балаларды қорғау күні демалыс алаңшасын­да отбасымен серуендеген жергілікті тұрғындар мен қала қонақтары көрмеге қойылған 50-ге жуық туындымен танысып, алғыстарын білдірді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі балалардың қызығушылығын арт­тыра отырып танымын кеңейту, шығарма­шылық қабілеттерін дамыту бағытында суретшілер сайысы, балалар көрмесі, балабақша және мектеп оқушыларына арналған экскурсиялар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биыл еліміздегі пандемияға орай жарияланған сақтық шараларына сәйкес көптеген іс-шара онлайн өткізілді.

 

Түркістан облысы