Хоккей • 05 Маусым, 2020

«Барыс» – үздіктер қатарында

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шайбалы хоккей туралы жазатын әйгілі еуро­палық Hockeyarchives.info басы­лымы осы маусымда тәуір өнер көр­­сеткен Еуропаның ең үздік 250 ко­ман­­дасының рейтингін жасап шықты.

«Барыс» – үздіктер қатарында

Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) бақ сынайтын елорданың «Барыс» клубы біріншіліктің биылғы маусымында Шығыс конференциясында екінші орынға тұрақтап, Чернышев дивизионда топ жарды. Сонымен қатар Гагарин кубогының ширек финалына дейін жеткен еді. Осындай айту­лы жетістігінен кейін жерлестеріміз еуропа­лық басылымның рейтингінде 9-орын­нан көрінді. Өткен жылмен салыстырғанда «Барыс» он саты жоғарылаған және ТОП-10 коман­даның қатарына кірген тарихтағы алғашқы Қазақстан клубы атанды.

«Барыстан» бөлек тізімде қазақстандық командалардан «Сарыарқа» 171-орында болса, «Торпедо» – 181-ші, «Арлан» – 201-ші, «Ертіс» – 216-шы, «Алматы» – 221-ші, «Бейбарыс» – 234-ші сатыға жайғасқан. Рейтингтің көшін Мәскеудің ЦСКА клубы бастап тұр. Екінші орында Швецияның «Лулео» командасы болса, алғашқы үштікті Қазанның «Ак Барс» клубы түйіндеді.