Қоғам • 05 Маусым, 2020

Ұлттық допингке қарсы орталық қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде бірқатар оқу-әдістемелік және талдау орталығының қызметкерінің жалақысы 2 есеге артқанын айтты.

Ұлттық допингке қарсы орталық қызметкерлеріне қосымша ақы төленеді

- Спортшылардың допингке қарсы зертханасының, Ұлттық допингке қарсы орталықтың қызметкерлеріне, дене шынықтыру және спорт жөніндегі Республикалық оқу-әдістемелік және талдау орталығының, Спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына лауазымдық жалақының 100% мөлшерінде жаңа қосымша ақы белгіленді. Осылайша, олардың жалақысы 2 есеге артты. Бұл бағытта жұмыс жалғасатын болады, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелері біз үшін әрқашан да өзекті. Осыған байланысты сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуды, жұмыстың ерекшеліктері бар мамандар үшін төлем мәселесін пысықтауды жоспарлап отырмыз, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Министрдің айтуынша, бұл әрекет мамандықтың беделін арттырып қана қоймай мультипликативті әсерін де беретін болады.