Қазақстан • 05 Маусым, 2020

Спорт пен мәдениет саласы қызметкерлеріне жағдай жасау басты назарда

322 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халыққа онлайн есеп беру жиынында айтты.

Спорт пен мәдениет саласы қызметкерлеріне жағдай жасау басты назарда

«Бүгінгі күні министрлік өз жұмысында Елбасының «Рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын, Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауының, Қазақстан Республикасындағы туризм, тілдерді дамыту бағдарламаларын басшылыққа алады. Еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Мәдениеті жоғары, тарихи танымы орнықты, ойы сергек елдің рухы да биік» деген сөзін негізге алсақ, мәдениет пен өнердің, спорт пен туризмнің ел дамуындағы, мемлекеттің мәртебесін арттырудағы, Тәуелсіз Қазақстанды танытудағы үлесі орасан екені сөзсіз», - деді ол.

Сондай-ақ, ол Мәдениет және спорт қызметкерлерінің әл-ауқатын арттыру, министрлік жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет және өнер ұйымдары қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50 пайызға, ол орта есеппен алғанда 96 мыңнан 139 мың теңгеге дейін, өңірлерде 35 пайызға, сәйкесінше 96 мыңнан 126 мың теңгеге дейін өсті. Жалпы, мұндай өсім шамамен 34 мың адамды қамтыды. Сондай-ақ, 2020 жылдың басынан бастап кәсіптік қызметін тоқтатқан және кәсіби еңбек өтілі кемінде 20 жыл болатын  балет әртістеріне ай сайын соңғы 3 жылдық орташа жалақысының 60 пайызға дейінгі мөлшерінде төлемдер берілетін болды», - деді министр.