Руханият • 05 Маусым, 2020

Қазақстандық екі музей ТМД-ның үздік музейлері қатарында

417 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова халық алдында есеп беру кездесуінде Нұр-Сұлтандағы Ұлттық музей мен Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей онлайн-турлар мен виртуалды экскурсиялар бойынша ТМД елдерінің үздік тарих және мәдениет музейлері рейтингісінде үздік бестіктің қатарына енгенін айтты.

Қазақстандық екі музей ТМД-ның үздік музейлері қатарында

- 2019 жылдан бастап «Музейлер шеруі» республикалық акциясы іске қосылып, 125 отандық музейде келушілердің саны 150 мың адамды құрады. «Музейдегі түн» акциясын өткізу дәстүрге айналып отыр. Осы жылы қалыптасқан жағдайға байланысты бұл акция онлайн-форматта ұйымдастырылды. YouTube арналары мен әлеуметтік желілердегі аккаунттар арқылы трансляцияны 80 мың адам көрді, - деді Ақтоты Райымқұлова.

Сондай-ақ ол «Әлем музейі бойынша Алтын адамның шеруі» атты халықаралық көрме жобасы үш жыл ішінде 12 елде болып қайтқанын атап өтті.

- Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі мен Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейі онлайн-турлар мен виртуалды экскурсиялар бойынша ТМД елдерінің үздік тарих және мәдениет музейлері рейтингісінде ТОП-5 қатарына енді, - деді министр.