Спорт • 09 Маусым, 2020

Бокстан ұлттық құрама Алматыда жаттығып жатыр

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы алдағы ірі бәсекелерге қатысу үшін дайындықты бастады, - деп хабарлайды Egemen.kz

Бокстан ұлттық құрама Алматыда жаттығып жатыр

Ғалым Кенжебаев жаттықтыратын ұлттық құрама алғашқы аптада дайындықты далада өткізді. Яғни, ашық аспан астында арнайы жаттығулар жасап, ептілік пен жылдамдықты қалпына келтірді. Енді біртіндеп техниканы жетілдіруге басымдық берілмек. Алматыдағы Бүкіләлемдік бокс академиясында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиыны 18 маусымға дейін жалғасады.

Айта кетейік, еліміз бойынша мұндай форматтағы дайындықты боксшылар алғаш болып бастады. Олардың арасында ел бойынша бірінші, екінші және үшінші нөмірлі былғары қолғап шеберлері бар. Барлығы да коронавирусқа қатысты тест тапсырды және қазір санитарлық талаптарды қатаң сақтайды.

Боксшылардан кейін дзюдо, күрес, ауыр атлетика сияқты басқа да олимпиадалық спорт түрлерінен оқу-жаттығу жиындары басталуы керек. Бірақ олардың кестесіне қатысты әзірге ешқандай ақпарат жоқ.