Әлем • 10 Маусым, 2020

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының төрешілерін таңғалдырды

1339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық әнші Данэлия Төлешова "America’s Got Talent" жобасының жаңа маусымына қатысып жатыр, - деп хабарлайды Egemen.kz

Данэлия Төлешова America’s Got Talent шоуының төрешілерін таңғалдырды

America’s Got Talent шоуындағы Данэлияның тыңдалымы 3 эпизодта көрсетілді. 13 жасар қазақстандық өнерпаз канадалық әнші Faouzia-ның "Tears of Gold" әнін орындады. Қазылар алқасы мен шоу қонақтары Данэлияның өнерін жоғары бағалап, отандасымызға тік тұрып қошемет көрсетті.

"Мен әйгілі America's Got Talent атты байқауда бағымды сынап көремін. Менің ойымша, бұл кез келген әртіс үшін қатысуды армандайтын өте жоғары деңгейдегі конкурс. Өте қызықты болатынына сенімдімін. Әрбір кезеңде өзімді 150% көрсетуге тырысамын. Егер сіз үшін қызықты болса, байқауды тамашалауды бастаңыз", - деп Данэлия шоу алдында өзінің пікірімен бөлісті.

15-ші рет ұйымдастырылып жатқан әйгілі байқау 26 мамыр күні NBC телеарнасында, ал 29 мамырда Netflix платформасында басталды. Қазылар алқасының құрамында  America’s Got Talent шоуының негізін қалаушы және жобаның продюсері Саймон Коуэлл, талантты әртіс София Вергара, сән әлемінің жұлдызы Хайди Клум, көпшіліктің сүйікті әзілқойы Хоуи Мэндел бар. Шоудың жүргізушісі - Терри Крюс.

Тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Таланттар шоуында әншілер, бишілер, сиқыршылар, әзілқойлар және барлық жастағы басқа да талантты адамдар өнер көрсетеді. America ' s Got Talent шоуының бас жүлдесі - 1 миллион доллар.

Айта кету керек, Данэлия Төлешова бұған дейін "Голос Украина", "Junior Eurovision" және "The World's Best" жобаларына қатысқан еді.