Қазақстан • 10 Маусым, 2020

Елімізде ауасы ең көп ластанған қалалар белгілі болды

235 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев халық алдында есеп беру кездесуінде айтты, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде ауасы ең көп ластанған қалалар белгілі болды

"Бұл менің халық алдындағы алғашқы есебім. Осыдан бір жыл бұрын ел Президентінің жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі құрылды. Осы уақыт аралығында біз жемісті әрі берекелі жұмыстарды атқардық деп айтуға толық негіз бар. Сондықтан біздің министрлік енді құрылса да бірқатар бағыт бойынша жұмыстарды атқарды", - деді ол.

Сондай-ақ министр 2019 жылы экологиялық мониторингтің нәтижесінде Ақтөбе, Атырау, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Өскемен қалалары атмосфералық ауаның ластануының жоғары деңгейімен сипатталғанын айтты.

"Зиянды заттар шығарындыларының жалпы деңгейі 2018 жылдың деңгейінде тұрақтанды, бұл шамамен 2,5 млн тонна. Төгінділер көлемі 2018 жылы 1,1 млн тоннадан 2019 жылы 0,98 млн тоннаға дейін немесе 10 пайызға төмендеді. Осы көрсеткішкерге табиғат қорғау шараларын іске асыру және кәсіпорындардың экологиялық таза технологияларды енгізу арқылы қол жеткіздік. 2019 жылы экологиялық жағдайды жақсартуға табиғат пайдаланушылармен 172 млрд теңге инвестицияланды, бұл 2018 жылғы деңгейден 7 пайызға артық. Мысалы, Павлодар облысының "Қазақстан алюминийі" кәсіпорнында неміс технологиясының электрофильтрі іске қосылып, бір метрге 50 миллиграммға дейін қалдық шаңды тазартудың жоғары деңгейін көрсетіп, жақсы нәтижелер беруде. Сондай-ақ, осы айдың соңында екінші фильтрді орнату жоспарлануда. Жентектеу цехында шығарындыларды жалпы қысқарту жылына 2,4 мың тоннаны құрайды", - деді министр.

Министр Қарағанды облысында күкірт қышқылы цехы салынатынын айтты. 

"Қарағанды облысында "Қазақмыс Смэлтинг" кәсіпорнына қарайтын Жезқазған мыс балқыту зауыты озық технологияны қолдана отырып, жаңа күкірт қышқылы цехын салуды және пайдалануға беруді жоспарлауда. Бұл күкірт диоксидінің шығарындыларын 3 есе, яғни 60 мыңнан 20 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Соңғы жаңалықтар