Аймақтар • 11 Маусым, 2020

Атырауда ПТР-тестке 186,3 млн теңге бөлінді

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұнайлы өңірде ПТР-тест зерттеулерін тегін жүргізуге осынша қаржы бөлінді,- деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда ПТР-тестке 186,3 млн теңге бөлінді

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбектің айтуынша, бұдан бұрын қауіпті індетке байланысты  ПТР-зерттеулерді жүргізу үшін республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінген болатын. Қазіргі таңда Атырау облысында осы мақсатқа қарастырылған  қаржының көлемі 186,3 млн теңгені құрайды.

"Оның ішінде стационарларға 60,1 млн теңге, ал, бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету емханаларына  126,2 млн теңге  бөлінді", - дейді облыстық филиал директоры Сәбит Құралбек.